Жамбыл облысында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы қалай жүзеге асуда?

0 11

Жамбылдық жастар ауылда жұмыс істеуге құштар.

Бір ғана Шу ауданында «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен аттанғандар жетерлік.

Мемлекеттік жоба қабылданғалы ауданға 500-ге тарта маман барып, түрлі саланың тұтқасын ұстаған. Осылайша елді мекендердегі кадр тапшылығы мәселесі біртіндеп шешімін тауып келеді.

Қарлығаш Нұражиева жоғарғы оқу орнын тәмамдай салып, ауылға асыққан. «Ауылда береке бар», – дейді ол. Қазір Абай елді мекенінде мектепте ағылшын тілі пәнінен сабақ береді. Ол үш жыл бұрын «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен келіп, табысты еңбек етіп жатыр. Мемлекеттік қолдау көрсетіліп, жуырда баспаналы болды.

Қарлығаш Нұражиева, жас маман:

– Ауыл жастарының ағылшын тілі деңгейін көтеру үшін бір көмегім болсын деп келдім. Жастарға жеңілдік көп. Соңғы жылдары ауылда жұмыс істеуге ниет білдірушілер қатары артып отыр. Тіпті кезек қалыптасқан. Ауданда 2018 жылы 49 бағдарлама қатысушысына баспана алуға 178 миллион теңгеден астам бюджеттік несие берілді.

Сондай-ақ 30 жас маман көтерме жәрдемақы алды.

Иманәлі Қоспанов, Шу аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы:

– Кезекте 98 адам бюджеттік несиеде тұр. 2009 жылдан бастап 426 маман жәрдемақы алды. 216 маман үй сатып алды.

Облыс бойынша былтыр 900 миллион теңгеден астам қаражат бөлініп, 260 маман тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Ал жалпы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы іске қосылғалы бері елімізде 30 мыңнан астам адам ауылға тұрақтап, нәтижелі еңбек етіп жатқан көрінеді. Оның 11 пайызы Жамбыл өңіріне тиесілі.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.