Жамбыл облысында дауылды ескерту жарияланды

0 0

«Казгидромет» РМК филиалының дауылдық ескертуіне сәйкес, 8-9 қаңтарда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, 8 қаңтарда таңертең және күндіз, 9 қаңтарда түнде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ал Тараз қаласында 8 қаңтарда таңертең және күндіз, 9 қаңтарда түнде екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с күтіледі. Кей уақытта тұман болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.