Жамбыл облысында ерекше корғалатын аймақтар құрылады

0 37

Жамбыл облысында ерекше корғалатын аймақтар құрылады. Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзаxметов қазіргі уақытта өтіп жатқан есепті жиынында айтты, —  деп xабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Өңір басшысының айтуынша, табиғатты қорғау саласында мамандандырылған, жануарлар дүниесін қорғайтын жедел топ және «Табиғатты қорғау кеңесі» құрылды. Небәрі 3-4 айдың өзінде 38 заңбұзушылық фактісі анықталып, 5млн. теңге айыппұл салынды. Бұл жыл бойы салынатын айыппұлдардан 2 есе көп.

Табиғатты сақтау үшін арнайы декларация қабылданып, ондағы міндеттерді орындаймыз деп, облыс әкімінен бастап барлық басшылар, жалпы 4 мыңнан аса қызметшілер, оның ішінде 2 жарым мыңдай мемлекеттік қызметшілер серт беріп, қол қойды.

Тараз қаласының сарқын суларын тазартатын кешен құрылысына ТЭН әзірленді. Тиімді мониторинг жүргізу үшін замануи жылжымалы зертхана сатып алынды.

Қазіргі уақытта «Жуалы-Қарашат» және «Қордай-Жайсан» ерекше қорғалатын аймақтар құру құжаттары тиісті мемлекеттік органдармен келісілуде. Және ағымдағы жылы Меркі, Т.Рысқұлов, Жамбыл аудандарының таулы аумақтарында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру үшін техника-экономикалық негіздемеге қаржы бөлінді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.