Биыл Жамбыл облысындағы 80 мыңдай адам орталық су жүйесіне қосылады. Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзаxметов дәл қазіргі уақытта өтіп жатқан есеп жиынында айтты, — деп xабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Бүгінде ауыз су бойынша 10 нысан пайдалануға беріліп, су жүйесімен қамтылған елді мекендердің үлесі 53,3% құрады немесе 199 елдімекен.
«Бұл жерде де әр елдімекен жеке талданды. 149 мың адамның су құбырына қосылмай отырғандығы анықталды. Жұмыс күзде басталғандықтан, талдау ұзақ мерзімді алып, жыл соғына дейін 7 мың адам ғана қамтылды. Оның үстіне кейбір адамдардың, тарифтің жоғары болуынан орталық жүйеден бас тартулары да орын алды. Осыны ескере отырып, 83 елдімекеннің тарифын төмендетуге құжаттар дайындалып, су комитетіне тапсырылды. Қалып отырған 142 мың адамның 50 мыңын орталық су құбырына қосуды биыл жоспарлап отырмыз. Бұдан бөлек, суды сағатпен беретін елдімекендерде беру мерзімін көтерудің нақты кестесі жасалды», — деді аймақ басшысы.
Су тарифтерін тиімді ету үшін облыста «Тараз су» коммуналдық мекемесінің негізінде бірыңғай оператор құру туралы шешім қабылданды. Бұл халықаралық қаржы ұйымдарынан инвестиция тартуға да мүмкіндік беріп отыр.
2019 жылға су құбыры жоқ 13 елдімекенді сумен қамтуға 4 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді (РБ- 3,8 млрд.тг., ЖБ-0,596 млрд.тг.). 29 мыңнан астам адам қамтылмақ, ал барлығы 80 мыңдай адам.