Облыста биыл 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер 100 пайыз балабақшамен қамтылады

0 3

Жамбыл облысында биыл 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер 100 пайыз балабақшамен қамтылады. Бұл туралы облысы әкімі Асқар Мырзаxметов қазіргі уақытта өтіп жатқан есеп жиынында айтты, — деп xабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Бүгінде өңірде білім саласында 6 мың балаға 66 мектепке дейінгі ұйымдар ашылды, оның 60 жекеменшік, 58 балабақша. Нәтижесінде, 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды қамту 98 пайызға жетті. Биыл 100% болады», — деп атап көрсетті аймақ басшысы.

Сондай-ақ, ҰБТ қорытындысы 89,4 балл болды, 2017 жылдан 11,5 баллға жоғары. Бұл 2004 жылы Ұлттық тест енгізілгелі бері ең жоғары көрсеткіш. Облыс оқушылары республикалық олимпиада мен ғылыми жарыстарда7 жыл қатарынан «Ең үздік команда» атанды. Бұл да үлкен жетістік.

Өткен жылы үш ауысымды 3, апатты 3 және оқушы орны тапшы 3, жалпы 9 мектептің мәселесі шешілді.

Биыл қалып отырған үшауысымды 1 мектептің, апатты жағдайдағы 1 мектептің және оқушы орны тапшылығы бар 3 мектептің мәселесі шешілетін болады.

Әлеуметтік нысандар  құрылысының 3 жылға арналған жол картасына жалпы 48 білім беру нысандарының құрылысы енгізілді. Жобалық құжаттамалары әзірленуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.