Тараз қаласында оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау рәсімі болып өтті

0 17

Бүгін Тараз қаласындағы 3 мектеп — лицейінде оқушыларды «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі болып өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі. 

«Жас Ұлан» ұйымының мақсаты — оқушылардың әлеуметтік, қоғамдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, жастардың патриотизм рухын ояту.

— Құрметті оқушылар! Сіздер үшін бүгін маңызды күн. «Жас Ұланға» қабылдана отырып, біздің бар үмітімізді ақтайсыздар деп сенеміз. Алдағы белестерден сүрінбей өтулеріңе тілектеспіз, — деп мектеп директоры Зәуре Сәдуақасқызы ізгі ниетін арнады.

Іс-шара соңында оқушылар ант қабылдап, концерттік бағдарлама қойды.

Айта кетейік, республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған. Бұл ұйым қоғамдық ұйым болып табылады.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.