Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

0 4

Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс аудандар арқылы атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбырлар сақталады. Бұл туралы Қазгидромет мамандары мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, найзағай, дауыл, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі.

«Атырау облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, желдің 15-20 м/с күшеюі күндіз шаңды дауылмен күтіледі. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзазағай, желдің 15-20 м/с күшеюі, күндіз бұршақ күтіледі. Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман, күндіз – найзағай, бұршақ күтіледі. Қызылорда, Түркістан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі», — дейді мамандар.

Жамбыл, түнде және таңертең Алматы облыстарында кей жерлерде тұман, Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күтіледі. Қостанай, күндіз Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде күндіз найзағай күтіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.