Жер қатынастары басқармасы тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетілуде. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында облыс әкімдігінің жер қатынастары басқармасы басшысы Бахтияр Көпбосыновтың қатысуымен өткен брифингте айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Ағымдағы жылдың 4 айында басқарма тарапынан 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қызметтердің 8 түрін электронды форматта, 8 түрі қағаз түрінде жүргізілуде. ХҚКО арқылы 9 қызметті алуға болады. Жер қатынастарын реттеу саласында заңды және жеке тұлғаларға 16 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілуде. Көрсетілетін қызметтердің регламенттері облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген.
Сондай-ақ, жерге құқықтар табыстаудың жариялығын қамтамасыз ету мақсатында Басқармада бос ауыл шаруашылығы және коммерциялық мақсаттардағы жер учаскелері туралы мәліметтер орналастырылған uzo-zhambyl.kz және жер қойнауын пайдаланушылар туралы ақпарат орналастырылған osp.uzo-zhambyl.kz сайттары ашылды. Сол сияқты, Тараз қаласында zis-taraz.kz ақпараттық жүйесі іске қосылды.
Бұған қоса, жер қорының құрамы 2018 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша облыстың жер қоры 14 426,4 мың гектарды құрады. Оның ішінде ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер — 4589336 га, елді мекендердің жерлері – 467166 га, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс мақсатындағы жерлері – 173167 га, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері – 11659 га, орман қорының жерлері – 4 430673 га, су қорының жерлері – 338 741 гектарға тең. Босалқы жерлер — 1 926 256 га, басқа мемлекет пайдаланып жатқан жер көлемі – 2 489 300 гектарды алып жатыр.
Сонымен қатар, 2017 жылғы жер есебіне сәйкес облыстың Елді мекендер жері 463,1 мың гектарды құраған. Түгендеу жұмыстарының нәтижесімен 4,1 мың гектарға ұлғайып, Елді мекен жерлері көлемі 467,2 мың гектарды құрады. Ал өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлер 152,5 мың гектарды құраған. Түгендеу жұмыстарының нәтижесімен 20,7 мың гектарға ұлғайып, Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер көлемі 173,2 мың гектарды құрады.
Ал ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатындағы жерлер 12 мың гектарды құраған. Түгендеу жұмыстарының нәтижесімен 0,3 мың гектарға азайып, Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санаттарындағы жер көлемі 11,6 мың гектарды құрады. Жер мониторингін жерді қашықтан зондтау тәсілі 2016 жылы қанатқақты жоба ретінде Шу ауданында сынақтан өткізіліп, 2018 жылы барлық аудандарда өндіріске енгізілді.
Кәсіпкерлікті жер арқылы дамыту шаралары тұрақты түрде жүргізілуде. Мысалы, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге деген сұраныстар әрбір аудан және ауылдық округтер бойынша бекітілген нысан бойынша жинақталуда. Атқарылған жұмыстардың аралық нәтижесі бойынша аумағы 192,4 мың га құрайтын 392 жер учаскесі жеке және заңды тұлғалар тарапынан қызығушылықтар тудырған.
Жерге сұраныстарды қанағаттандыру мақсатында есепті мерзім аралығында облыс аудандарында 12 аукцион өткізілді. Нәтижесінде аумағы 12 га жер учаскелері 21 млн. теңгеге бағаланып сатылды. Облыстық жер комиссиясының 6 отырысы өткізіліп, облыс әкімінің қарауына 11, облыс мәслихаты қарауына 2 мәселе енгізіліп, тиісті шешімдер қабылданды.