Сарысу ауданының әкімі өзі оқыған мектептің оқушыларымен кездесті

0 39

Жамбыл облысының әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен «Жомарт түлек» жобасы қолға алынған болатын. Жоба мақсаты сол білім ошағынан түлеп ұшқан түлектерді кейінгі жас буынға таныстыру, үлгі ету. Осы орайда Жаңатас қаласындағы М.Әуезов мектеп-гимназиясында «Жомарт түлек» жобасы аясында,«Туған жер – бақыт ордасы» атты кездесу өтті. Кездесуге аталмыш мектептің түлегі Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев қатысты, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Кездесу барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып өтті.

Оқушылар аудан әкімімен жүз бе жүз кездесіп, өз ойларында жүрген сауалдарын қойды.

Аудан басшысы мектеп қабырғасында өткен қызықты шақтарымен бөлісіп, оқушылардың сауалдарына жауаптар қайтарып, жас түлектерге тілегін білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.