Қуаныштан жүрегі жарылып кетті

0 904

Өлім жазасына кесілген ирандық азамат «қатты қуанғаннан» қайтыс болды. Ер адам 55 жаста, 19 жыл бұрын қасақана кісі өлтірді деген айыппен қамауға алынған екен. Осы уақыттың бәрін ол өлім жазасының орындалуынан қорқып өткізген.

Адвокаттардың жәбірленуші отбасымен келіссөз жүргізуінің нәтижесінде, жәбірленушінің отбасы оны кешірген. Осы жаңалықты естіген ер адам «шамадан тыс қуаныштан» жүрек талмасына ұшырап, қайтыс болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.