Жамбыл облысында көктемгі мерекелер кең көлемде аталып өтіледі

0 17

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында алдағы көктемгі мерекелерге дайындық барысы талқыланды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі саясат басқармасының басшысы Алмас Садубаев Алғыс айту, Халықаралық әйелдер күні, Наурыз мерекелеріне орай жоспарланған іс-шаралар туралы баяндады.

Оның айтуынша 500-ден астам іс-шара өткізу жоспарлануда, олардың басым бөлігісанитарлық талаптарды сақтай отырып, офлайн режимде ұйымдастырылады.

– Қаңтардағы қайғылы оқиғалардан кейін тұрғындарға мерекелік көңіл-күй қажет. Барлық іс-шаралар жоғары деңгейде өтуі керек. Бұл мерекелердің әрқайсысы баршамыз үшін ерекше мәнге ие, ол мейірімділік пен достыққа, ынтымаққа үндейді. Биылғы жылы іс-шаралардың форматын түбегейлі өзгертуге тиіспіз. Оларды тек есеп үшін ұйымдастырудың қажеті жоқӘрбір мереке мазмұнды әрітанымдық және ойын-сауық шараларына толы болуы керек. Ардагерлерге, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету қажет. Ең алдымен ғасыр жасаған ардагерлерімізді құттықтау керек. Олар патриоттық пен еңбекқорлықтың нағыз үлгісін көрсетті. Ал біздің міндетіміз – солар секілді лайықты жас ұрпақты тәрбиелеу, – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы барлық шараларға қоғам белсенділері, депутаттар, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, жастар ұйымының өкілдері белсенді атсалысуы керектігін баса айтты.

 Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ерекше акциялар өткізіп, аяулы нәзік жандыларды қуанту керек. Біз өскелең ұрпаққа, бүгінгі жас аналарға қандай да бір қиын кезеңдерде де өз ісінің маманы болып, білімді балаларды тәрбиелеп, өзгелерге де барынша қол ұшын соза білген аналарымыздың ұлағатын насихаттауға тиіспіз— деп атап өтті облыс әкімі.

Бердібек Сапарбаев аудандар мен Тараз қаласының әкімдеріне, басқарма басшыларына жоспарлы іс-шараларды іске асыру бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.