Әйел өз жаназасында оянып, табыттың қақпағын қаққан

0 57

Перуде әйел жаназасында оянып кетіп, өзінің тірі екенін білдіру үшін табытының қақпағын қаққан. Туыстары дәрігерлерді өлім мен кома жағдайын ажырата алмаған салғырттығы үшін сотқа бермекші, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

36 жастағы перулық Роза Изабель Сеспеде Каллака күйеу баласы мен үш жиенімен бірге жол апатына ұшыраған. Оқиға салдарынан ер адам сол жерде көз жұмып Роза мен оның жиендері әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер көп ұзамай әйелдің қайтыс болғанын анықтайды.

Жаназа уақытында әйелдің туыстары табыттың ішінен дыбыс естиді.

“Біз табытты ашқанымызда Роза көзін ашып жатты. Терлеп кетіпті”,- деді оның туыстарының бірі.

Дәл сол сәтте туыстары полиция мен дәрігерлерді шақырып қайта оянған әйелді ауруханаға жеткізіп, емдеу шараларын жалғастырған.

Дәрігерлер әйелде өте әлсіз болса да өмір белгілері бар екенін растады. Құрылғыға қосылғаннан кейін Розаның жағдайы сәл жақсарды. Алайда кейін оның денсаулығы қайтадан күрт нашарлап, бірнеше сағаттан кейін ол қайтыс болды.

Сеспеде Каллаканың отбасы дәрігерлердің жол апатынан кейін Розаны дұрыс тексермей, дер кезінде көмек көрсетудің орнына мәйітханаға жібергеніне наразылығын білдірді. Туыстары дәрігерлердің адамның комада екенін түсінбей жәбірленушінің қайтыс болғанын жариялағанына ашулы.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері медициналық қызметкерлердің салғырттығын растау немесе жоққа шығару үшін тергеуді бастады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.