Тауық етінен қауіпті бактерия табылды

0 70

«Макинск құс фабрикасы» ЖШС-нің бройлер-балапан етінен адам өміріне қауіп төндіретін бактериологиялық көрсеткіші табылды. Бұл Атырау қалалық санитарлық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы жүргізген тексерістің нәтижесінде анықталып отыр. Тауық еттерінен алынған 108 сынаманың 40%-дан астамы жарамсыз болып шықты. Сынама қорытындысы қауіпті болғандықтан, ірі кәсіпкерлік субъектісі – «Метро Кэш энд Керри» ЖШС-ға жоспардан тыс шұғыл тексеру жасалды. Тексеру кезінде, өнім сапасының талапқа сәйкес еместігі анықталды.

Сатылымдағы 1 тонна 597 келі бройлер тауық етін жою туралы санитарлық-эпидемиологиялық нұсқама берілді. Талапұа сай емес деп танылған тауық еті өртеу арқылы жойылды. Бұл іс-шараға Атырау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және қалалық ветеринарлық инспекция басқармаларының мамандары, сондай-ақ, «Метро Кэш энд Керри» ЖШС-нің сенімді өкілі қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.