Қазақстан құтқарушылары Түркияда үйінді астынан тағы 3 адамды аман шығарды

0 12

 Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) құтқарушылары Түркияда үйінділер астынан үш адамды аман алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Екінші эшелон Түркияға келген сәттен бастап Қазақстан ТЖМ құтқарушылары тәулік бойы құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Екінші эшелон үшін іздестіру-құтқару орны ретінде Нурдагы – Газиантеп қаласынан 69 шақырым жердегі толығымен қираған ғимарат бекітілді.
Бұл нысанда қазақстандық құтқарушылар адамдардың орналасқан жері мен жай-күйін анықтау, үйінділер астында зардап шеккендермен аудиобайланыс орнату, қажетті көмектің көлемі мен сипатын анықтау бойынша жұмыстарын жүргізді», — делінген ТЖМ мәліметінде.

Ақпаратқа сүйенсек, құтқарушылардың ыждағатты жұмысының нәтижесінде қирандылар астынан үш адам аман шығарылды.
«Қазақстандық құтқарушылардың үлкен тереңдіктегі үйінділердің астынан зардап шеккендерді эвакуациялау үшін жол ашу жұмыстарын орындап, жедел және сауатты іс-қимылдың, сондай-ақ зардап шеккендерді блоктан шығару бойынша уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгін түнде көлемі 18 мың текше метрден астам үйіндінің астынан үш адам — ер адам мен екі әйелді тірі шығаруға мүмкіндік туды. Олар дереу медицина қызметтеріне жеткізілді», — деп нақтылады ведомстводан.

Leave A Reply

Your email address will not be published.