Apple компаниясының акциялары жұма күнгі сауданы 3 триллион АҚШ долларымен аяқтады. Бұл – осы межеге жеткен жалғыз компания, деп хабарлайды CNN.
Мұның бәрі соңғы 40 жылда Nasdaq-та тіркелген бірінші жартыжылдықтағы ең жақсы өсімнің арқасында болған. Apple акциялары жұмада 2%-дан аса өсіп, бір акция бағасы рекордтық деңгейге – 193,97 долларға жетті. Бұл баға айналымдағы 15,7 млрд акциясы бар Apple-ді өзінің тарихи нарықтық құнына жеткізіп отыр.
Apple компаниясының құны 2022 жылдың 3 қаңтарында күндізгі сауда-саттық кезінде осындай көрсеткішке жеткен. Бірақ содан кейін бұл позицияны ұстай алмаған еді. Apple (AAPL) акциялары биыл 49%-ға өсті. Бұл ірі технологиялық компаниялардың акцияларының кеңеюіне, соның ішінде инвесторлардың жасанды интеллектке қызығушылығына ықпал етті.