Қазақстанның ақша айырбастау орындарында Ресей валютасының бағамы тұрақсыз болып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында көрші ел валютасы 4,9 – 5,2 теңге аралығында сатылып жатыр, ал Астанада 5 – 5,15 теңге аралығында құбылып тұр.
Еліміздегі үшінші мегаполис – Шымкентте Рессей рублі 5,02 – 5,15 теңгеден ұсынылуда.
30 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, Ресей валютасының орташа бағамы 5,12 теңгені құрады.
Ұлттық банктің 1 шілдедегі ресми бағамы – 1 рубль үшін 5,14 теңге.
Ал АҚШ долларының бүгінге белгіленген құны — 452,51 теңге.