ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – ЖАСТАРДЫҢ ЖАРҚЫН КЕЛЕШЕГІ

0 13

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында бүгін Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенттерімен дөңгелек үстел отырысы өтті.

Аталған оқу ордасының «Сәндік-қоданбалы және халықтық кәсіпшілік өнері» мамандығының 2 курс студенттеріне арнап өткізілген жиында Елбасы Жолдауындағы сегізінші, яғни «Адами капитал – жаңғыру негізі» бағытындағы жүктелген міндеттер талқыланды. Дөңгелек үстел отырысын директордың орынбасары Ғалия Әлімжанова, Экспозициялық және көпшілікке қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Людмила Хапилина және ғылыми-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Жұлдыз Алманқұлова ұйымдастырды.

Ұлт көшбасшысының Жолдауындағы негізгі басымдық адами капитал сапасын жақсартуға қойылды. Бұл тұрғыда алдымен білім беру жүйесінің рөлі ерекше мәнге ие.

Жиын барысында білім беру жүйесіне енгізілген жаңа реформалар, озық жүйелер мен өзге де жаңалықтар ортаға салынып, студенттер өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, Қазақстанның дамыған 30 елдер қатарына қосылу мақсатында қолға алынған «Үш тұғырлы тіл» саясаты жастар арасында қызу талқыға түсті. Басқосуда сонымен қатар, денсаулық саласы және жұмыспен қамту мәселесі де назардан тыс қалмады.

Елбасы Жолдауы – елдің бірлігіне, оның болашағына, қазақ елінің Мәңгілік болуына жол көрсететін ұлы мақсат. Осы орайда жиынға қатысқан студенттер аталмыш мақсаттарды жүзеге асыру жолында қалыс қалмайтындарын жеткізді.

Жиын соңында музей қызметкерлері еліміздің болашағы саналатын студенттерге мемлекет дамуы үшін сапалы білім алып, жақсы маман болып қалыптасып, жарқын келешек жолында аянбай қызмет ету керектігін айтты.

Дөңгелек үстел нәтижесі әр адамға салмақты ой салғаны хақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.