Т.Рысқұлов ауданында ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтті

0 29

Өткен сенбі күні Т.Рысқұлов ауданының орталығындағы орталық алаңда аудандық деңгейде ауылшаруалығы жәрмеңкесі өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жәрмеңкеге 1500 кг жылқы еті, 2000 кг сиыр еті, 1250 кг қой еті, 500 кг шұжық өнімдері, 500 сүт өнімдері, 800 л қымыз, шұбат, 500 кг бал, 3800 кг көкөніс өнімдері, 3000 кг бақша өнімдері, 150 кг жылыжай өнімдері, 2000 кг картоп, 1000 кг пияз, 500 кг қызанақ, 500 кг қияр, 500 кг қауын, 500 кг қарбыз, 200 кг құлпынай, 200 кг таңқурай, 30000 кг жем, 15 000 кг шөп және демакарон, ұн өнімдері жеткізіліп, нарықтағы бағадан төмен бағамен саудаланды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкені аудан әкімі Ернар Есіркепов арнайы барып көріп, келушілермен пікір алмасты.

Дәстүрлі жәрмеңкеде 15 ауылдық округтен жеткізілген жеткізілген өнімдер саудаланса, диқандар тынымсыз еңбектерінің арқасында жұмыстарының табысты нәтижесін көруде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.