Жуалыда ардагерлер арасында аудандық спартакиада өтті

0 73

Бұл жарыс жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына және 1 қазан — Халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылып отыр. Бауыржан Момышұлы ауылының спорт кешенінде өткен бұл жарыста 63 жастан және одан жоғары ағаларымыз бен 59 жастан және одан жоғары апаларымыз бақ сынасты.

 Спартакиаданы аудан әкімі Мұртаза Жалғас Әлижанұлы ашты.
— Биыл жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына – 90 жыл. Шерхан Мұртаза – қазақ жазушысы, қоғам және саяси қайраткер. Жазушы және белгілі қоғам қайраткерінің туған жерінде бұл кісіге әрқашан ерекше жылы лебіз білдірілген.
Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Еліміздің өсіп-өркендеуіне, бейбітшілікте тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыз. Саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға-апаларымыздың еңбектері ерен. Олардың өмір жолдары бізге үлгі-өнеге, бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Қарттарға қамқорлық – халқымыздың санасына терең сіңген қасиет. Ардагерлер – еліміздің алтын қоры. Бүкіл саналы ғұмырын, қажыр-қайратын ел игілігіне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсаған ардагерлеріміздің орны ерекше, — деген Жалғас Әлижанұлы ардагерлерді алдағы келе жатқан 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен құттықтап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, жиында сөз алған аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Тілеубеков және «Ардагерлер ұйымы» РҚБ аудандық филиалының төрағасы Сейітхан Жұмашев құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін жеткізді. Ал, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мақсұтбек Арзымбетов жарыстың өту бырысын және ережесін атап өтіп, сайыста төрелік ететін төрешілерді жеке-жеке таныстырды.

Қызықты әрі тартысты өткен спартакиадаға әр ауылдық округтің белсенді ардагерлері қатысты.

Айта кету керек, жарыс спорттың жеті түрінен ұйымдастырылды. Олар, үстел теннисі, дойбы, асық ату, шахмат, тоғызқұмалақ, бильярда және дартс.

Қорытындылай келе, әр спорт түрінен жеңімпаз деп танылған спортшылар диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.