Шу ауданында зағип жандарға құрмет көрсетілді

0 29

Күні кеше аудан орталығындағы “Астана” мейрамханасында көру қабілеті нашарлаған зағип жандарға дастарқан жайылып, ас берілді.

Жыл сайынғы дәстүрді биыл да жалғаған “Нағыз патриоттар” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ғалия Әбітаева қамкөңіл жандарға қолдау көрсетіп, шараның өтуіне ұйытқы бола білді. Игі шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Сәкен Арубаеа дәл осындай сауапты істің басы-қасынан табылып, зағип жандарға қолдау білдірген бірлестік мүшелеріне ризашылығымды білдірді.

Сонымен қатар, биыл “Қазақ соқырлар қоғамы” қоғамдық бірлестігіне 85 жыл толып отыр. Сол себепті де Республика күні қарсаңында Сәкен Қаланұлы игі шараға жиналған азаматтар мен ауданымыздың дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген бірқатар ардагерлерімізге Алғыс хат беріп, сый-сияпатын табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.