Тұрғындар пікірі басты назарда

0 18
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген халықпен кездесулердің жаңа форматына сәйкес аудан әкімі Әлихан Балқыбеков ауданның өндірістік аймағы Хантау, Мирный, Ақбақай ауылдарының тұрғындарымен кездесті.
Жиында ауыл тұрғындары «Казпочта» қызметінің сапасыздығы, ауыз су, балабақшаны іске қосу, көше адресі, көше жарығы, учаскелік полиция қызметкерін жоқтығы, жол жөнделсе, дүкендерде азық-түлік бағаларының қымбаттығын атап, жұмыссыздық, ауылға кіші футбол алаңшасын салып беруі сынды өтініштерімен,сауалдарын қойды.
Аудан әкімі Әлихан Әбіләшұлы өз кезегінде заң талаптарына сай бөлім, мекеме басшыларынан анықтама ала отырып, жауаптар берді. Сондай-ақ тұрғындардың талап-тілектері назарға алынып, бақылауда болатынын жеткізді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.