Жуалы ауданында өрт тактикалық сабақ өткізілді

13
Жамбыл облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ-нің бастығымен бекітілген 2022 жылға өрт тактикалық есептерін шешу кестесіне сәйкес, ағымдағы жылдың 17 қазан күні түнгі мезгілде өрт тактикалық сабақ өткізілді.
Аталмыш шара Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы Көктем көшесінің бойында орналасқан ЖШС Бурный сүт компаниясының аумағында ұйымдастырылды. Басты мақсат жеке құрамының өртті сөндіру кезіндегі тәжірибелік дағдыларын машықтау және тілсіз жаудың алдын алу болып табылады.
Сабақтың тактикалық тұрғысына сәйкес, бүгін 20 сағат 35 минут шамасында ЖШС Бурный сүт компаниясының сүт өңдеу цехынан яғни, тоқтың қысқа тұйықталуынан өрт шыққан. Компанияның жеке құрамы төтенше жағдайға дереу дабыл қағып, жедел түрде компания бастығына, және аудандық өрт сөндіру бөліміне хабарлайды. Компания қызметкерлерінің және өрт сөндірушілердің келісілген іс-қимылдарының арқасында қызыл жалынның одан әрі таралуына жол берілмеді.
Шара соңында «Өрт қауіпсіздігін алдын алу және болдырмау» мақсатында өткізілген оқу-жаттығудан кейін аудандық өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен жеке құрамның іс-әрекетін қорытындылау жиыны өтті.

Comments are closed.