Республика күніне арналған «Бақытты отбасы — берекелі ел» спорттық ойын-сауық іс -шарасы өтті.
Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы, оқушылары өз ата-аналарымен және Тараз қаласындағы «Jusan bank» қызметкерлері қатысты.
Отбасын тиімді әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық қолдауға, оқушылардың салауатты өмір салтына мотивациясын арттыруға бағытталған іс-шараны «Қошмамбетов и К» ЖШС, «Jusan bank» және Тараздағы NIS бірлесе ұйымдастырды.
Осындай спорттық ойын-сауық іс-шараны ұйымдастыру арқылы саябақ, банк, мектеп арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас артып, оқушылар мен ата-аналарға керемет мерекелік кеш сыйлай алды.
7-ші сынып оқушылары би-батлға қатысып өздерін шығармашылық тұстан көрсетті. Сондай-ақ, «Көңілді сөре», «Зымыран ұшыру», «Тир», «Шахмат, шашки, тоғызқұмалақ» сияқты спорттық ойындардар жарыс өтті.
Спортық ойындарға қатысып, үздік атанғандарға грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Мұндай спорттық іс-шаралар алдағы уақыттада жалғасын табатын болады.