Облыс халқының табысын арттыру жобасы Биназар ауылында

0 16
Елімізде жұмыссыздықты жою, ауыл халқын жеке кәсібін дөңгелету арқылы табыс табуға үйрету мақсатында түрлі жобалар іске асуда. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Қарапайым заттар экономикасын дамыту» бағдарламасы аясында ел экономикасын дамыту қажеттігін ерекше атап өткен болатын.
Осыған байланысты өткен аптада Биназар ауылдық округінде «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өкілімен облыс халқының табысын арттыру жобасы аясында түсіндіру жиыны өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Ержан Әмірханов ашып, жүргізіп отырды.
Жиында «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының маманы Дәулет жобасының негізгі бағыттарын түсіндіре отырып, ауыл тұрғындарына ең төменгі 2,5%-бен бағдарламаға сай 8 млн. теңгеге жуық дейінгі несиені 7 жылға берілетінін жеткізді. Сонымен қатар кепіл ретінде елді-мекендегі барлық үй жарайтынын жеткізді, әрі банктегідей емес баспана құнының 50%-на дейін есептеледі. Қаражат қолға тиген соң алғашқыда 1,5 жылға дейін демалыс алуға толық мүмкіндік барын атап өтті. Сондай-ақ міндетті түрде ауылдан кооператив құрылу керектігін айтып, 1-5 бағыттарға, яғни ауылдағы шағын бизнесті қаржыландыру мысалы: ТЖО, жиһаз, токарлық цехтарға 24 млн. теңгеге дейін несие берілетінін, ол үшін кепілге қойылған мүлкіңіз көп болу қажеттігі ескертілді.
Жиын барысында ауыл тұрғыны Қ.Атаев несие мөлшері, демалыс ережесін ұзарту, кепілдік, кәсіп түрін таңдау, өндірістік кооперативтер құру, егістік, жайылымдық жер, мал бордақылау, жылыжайлар ашу, субсидия, лизингке техника алу сынды сұрақтарын қойып, оған тұщымды жауаптарын алды.
Сондай-ақ«Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының маманы қазірден бастап құжаттарды рәсімдей беруін айтып, тұрғындар құжаттарын кімге өткізерін білмей, сабылмауы үшін ауылға керекті кәсіп түрлеріне талдау жасалатынын жеткізді. Осы жұмыстарды округ әкімі әр тұрғынды жетектей отырып, ұйымдастыру керектігі баса айтылып, арнайы бір маманды дайындау керектігін ескертті.
Аталмыш жиынға ауыл тұрғындарымен қатар шаруа қожалық жетекшілері, аудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Leave A Reply

Your email address will not be published.