Сарысу ауданында Астана қаласының 25 жылдығы кең көлемде аталып өтті

0 5
Сарысу ауданының тұрғындары Астана қаласының 25 жылдығы мен аудан орталығы Жаңатас қаласының 54 жылдығын кең көлемде атап өтті, -деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Орталық алаңда өткен мерекелік шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов қатысып, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады.
Сәулеті мен сәні айшықталған, айбыны асқақтаған Елордамыз бүгінгі күні еліміздің бойтұмарына айналды. Бас қаламыз уақытпен үндесе бой түзеп, әлем қызыққан қалаға, саяси көшбасшылар, іскерлік серіктестіктер мен инвесторлар, зиялы қауымның кездесіп, кеңес құратын орнына, шығармашылық жоспарларды, инновациялық идеялар мен батыл бастамаларды жүзеге асыратын алаңға айналып отыр. Егемен еліміздің барлық өңірлері Елордамызға қарап бой түзеп келеді. Олардың арасында ауданымыз және Жаңатас қаласы да бар, — деген аудан басшысы аудан тұрғындарына мерекелік құттықтауын жеткізді.
Мерекелік шара театрландырылған көрініспен басталды Шара барысында Жаңатас қаласының әкімі Д.Борсықов қала күні қараңында тұрғындар арасында ұйымдастырылған спорттық жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады.
Сонымен қатар, аудан жастарының ұйымдастыруымен көрермендерге арналған викториналық сұрақтар мен ойындар өткізілді.
Әрі қарай, сәулеті мен дәулеті келіскен бас қаланың мерейтойы мен Жаңатас қаласының 54 жылдығы әсем ән мен мың бұрала билеген бишілердің бағдарламасынан құралған сән салтанаты келіскен мерекелік концерттік бағдарламаға ұласып, көпшілікке керемет көңіл-күй сыйлады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.