Сарысу ауданында қуаттылығы 100 мегаватт болатын жел электр станциясы салынып жатыр

0 38
Жамбыл облысы Сарысу ауданында қуаттылығы 100 мегаватт болатын жел электр станциясы салынып жатыр. Жаңартылған қуат көзін өндіретін нысан құрылысы 75 пайызға аяқталған. Жоба құны 60 миллиард теңге. Станция келер жылы іске қосылуы тиіс.
«Шоқпар» жел электр станциясы Жаңатас қаласынан 8 шақырым жерде салынуда. Қазір құрылыс-монтаж жұмыстарына 200-ге жуық адам жұмылдырылған. 22 жел турбиналардың 10-ы орнатылып болды.
Мамандардың айтуынша, жел электр станциясы жылына 350 миллион киловатт сағат электр энергиясын өндіреді. Бұл 50 мың абонентті жарықпен қамтуға жетеді. Айта кетелік жоба авторлары бұған дейін Жаңатас қаласының әлемуметтік салаларына 38 миллион теңге жұмсаған.
Облыста 2030 жылға дейін жаңартылатын энергия көздерін дамыту картасы әзірленді.Қазір Жамбыл облысында 9 жел, 6 күн және су электр станциясы бар. Мамандар баламалы энергия көздерін өндіруге өңір өте қолайлы, дейді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.