Бұл туралы Елбасының ресми сайтында хабарланды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімімен Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі қызметінен босатылды, – деп жазылған Елбасының ресми сайтында.
Данияр Ақышев 1976 жылы 25 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.
Білімі:
1996 ж. – Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын экономист мамандығы бойынша (мамандығы — банк ісін ұйымдастыру) үздік бітірген. 1996 жылдан бастап 2007 жыл аралығында әр түрлі елдерде, оның ішінде АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Австрия, Түркия және т.б. елдерде халықаралық қаржы ұйымдары мен институттары өткізген курстар мен семинарларға қатысқан.
Еңбек жолы:
- 1995-1996 жж. – Орта Азиялық қор биржасында жетекші экономист.
- 1996-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің зерттеу және статистика департаментінде әр түрлі қызметтерде болды.
- 2003-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің зерттеу және статистика департаментінің директоры.
- 2007-2014 жж. – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары.
- 2014-2015 жж. – Қазақстан Президенті әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.
- 2015 жылдың 24 тамызы– 2 қарашасы аралығында – ҚР Президенті көмекшісінің уақытша мінтетін атқарушы.
- 2015 жылдың қарашасынан –2019 жылдың 25 ақпаны –ҚР Ұлттық банк төрағасы.
- 2019 жылдың 28 ақпанынан – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
- 2019 жылдың 28 ақпаны мен 9 сәуірі – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
-
2019 жылдың 9 сәуірінен — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті- Елбасы көмекшісі.