Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Қазақстан қантты мүлде дерлік экспорттамайтынын, өйткені өндірілген барлық өнім ішкі тұтынуға кететінін, тіпті 58 пайызы сырттан импортталатынын (негізгі бөлігі ЕАЭО елдерінен) атап өтті.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша ішкі қант тұтыну 42 пайызға отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етілді. Республикалық есеппен алғанда, аумақты, шикізатты, өндірістік қуатты ұлғайту арқылы біз алдағы 3-4 жылда бұл өзін-өзі қамтамасыз ету көрсеткішін 80 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев
Оның айтуынша, Қазақстанда қант және қант қызылшасын өндіретін төрт зауыт бар. Олар Жамбыл және Алматы облыстарында орналасқан.
Агроөнеркәсіп кешенінің ұлттық жобасына сәйкес қант қызылшасын егу алаңдарын кеңейту шаралары қарастырылған. Біз Қазақстанның оңтүстігінде зауыттарды жаңартып, тағы бір зауыт салуды жоспарлап отырмыз.
Ербол Қарашөкеев.