Ерекше рәсім Қызылорда қаласындағы облыстық перинаталдық орталықта жасалған болып шықты. Бұл туралы kyzylorda-news.kz сайтында жарияланды. «Facebook» желісіндегі ОПЦ Қызылорда
парақшасында ресми хабарлама жарияланған. Онда Ана мен бала орталығының бөлімшесіне диван сыйға беріліп, сол диванның лентасы қиылған.
«22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні мерекесі қарсаңында қызметкерлердің жағдайларын жақсарту мақсатында облыстық перинаталдық орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымы жүктілер патологиясы бөліміне жұмсақ жиһаз сыйлады. Облыстық перинаталдық орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымы көп жылдардан бері ұжым арасындағы тұрақтылықты сақтап, жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында алтын көпір ретінде өз функциясын атқарып келеді», – делінген хабарламада.
Бұған дейін түрлі нысандардың ашылу салтанатында лента қию рәсімі ұйымдастырылатын.Кейде кітаптардың, кабинеттер мен аудиториялардың лентасы қиылатын. Ал, жұмсақ жиһаздың лентасы қиылғанын алғаш көрдік деген оқырман түрлі пікір білдіруде.