Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/4 мекемесінің бастығы, әділет полковнигі Е. М. Тоқанов мекемеде жазасын өтеп жүрген А. Бойконың анасына ұлының түзеу жолына түсуіне өз ықпалын тигізгені үшін алғыс білдірді және Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Сотталушының өз қолымен жасаған қолөнер бұйымы анасына сыйлық ретінде табысталды.
Айта кетейік, А. Бойко ЖД-158/4 мекесеміне 2019 жылы түскен. Жазасын өтеу мерзімі ішінде үлгілі тәртібімен көзге түскен ол осы уақытқа дейін басшылық тарапынан 15 марапат алған. Түзеу мекемесінің комиссия отырысының шешімімен А. Бойконың ІІІ-ші оң мінез-құлық дәрежесі айқындалған.