Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылында жеті жасар қызды көршісінің екі бірдей иті талап тастады, қыз қазір ауыр жарақаттармен ауруханада жатыр, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Желіде қызды талаған алабайдың видеосы жарияланды. Оны қыздың әкесі түсірген. Қызға бір емес, бірден екі алабай шабуыл жасағаны белгілі болды. Бейнежазбада иттердің біреуін ғана көруге болады, екінші ит қайда екені белгісіз.
Қыздың әкесінің айтуынша, 5 маусым күні кешкі алты мен сегіз шамасында екі қызды көршісінің екі иті талаған. Көршісі итке тамақ берген соң, қақпаны ішінен ілмеген, иттер аулада бос жүрген. Жеті жасар үлкен қызын сіңілісінің көзінше екі ит әбден талаған.