Елімізде киік аулауға рұқсат етілуі мүмкін

0 30

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру қағидаларына толықтырулар мен өзгерістер енгізілген бұйрықты жариялады,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Осыдан 7 жыл бұрын қабылданған нормативтік құжат бұл жолы «киіктердің дириватын жинау» тармақшасымен толықтырылған.

Бұдан бөлек, толықтырулар негізінде кәсіпшілік, әуесқойлық, мелиорациялық, ғылыми-зерттеу және эпизоотияны болдырмау мақсатында аң аулауға, киіктердің дириватын жинауға рұқсат беріледі. Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты органдар:

Екі және одан да көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында жануарларды алып қоюдың, киіктер дериваттарын жинаудың белгіленген лимиттері мен квоталары шегінде ғылыми-зерттеу үшін аулауды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар;

Екі және одан да көп облыстарда орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомство;

Киіктердің дериваттарын жинау мақсатында орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомствосы көрсетеді.

Бұйрық «Ашық НҚА» сайтында жарияланды. Құжатты талқылау 21 маусымға дейін жалғасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.