ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымовке қатысты «алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалды. Бұл туралы «ZhambylNews» АА «Kozachkov offside» telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі — аса ірі көлемдегі алаяқтық бойынша тергелуде. Ақпаратты полиция подполковнигі Салтанат Әзірбек ресми түрде растаған. Аталған тұлғаларға шағым түсірген Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі — Alageum Group корпорациясының иесі Сайдулла Қожабаев.
«Оның түсініктемесінде Әбдірахымов пен Мәсімовті қосқанда бес адам одан ірі көлемде және заңсыз ақша алғаны айтылған. Біз 2-3 миллион доллар туралы айтып отырмыз. Олар не сұрады және не үшін төледі әзірге белгісіз» делінген хабарламада.