Қаржы пирамидасын жарнамалаған танымал тұлғалар жауапқа тартылады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Танымал вайнерлер мен әртістер жарнамалаған алаяқ ұйымдар қарапайым адамдарға миллиардтаған теңге залал келтіруде.
Қаржылық пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы мәжіліс отырысында қаралды. Заңның 217-бабында анық жазылғандай, енді танымал тұлғалар оның ішінде әншілер мен блогерлер, вайнерлер қаржылық өнімге қатысты жарнама жариялар алдында өте мұқият болуы керек. Бұл үшін заң аясында қылмыстық жауапкершілік көзделген. Оның ішінде 2000 АЕК және 600 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылу, тіпті 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Бірлескен топтар үшін қылмыстық жаза 3-7 жыл аралығында болуы мүмін және мүлкін тәркілеу көзделген. Бұл өте қатаң шара деп айтар едім», — деді Мәжіліс депутаты Юрий Ли.