Бүгіннен бастап 2 пайыздық ипотекаға өтініштер қабылданады

0 272

Қазақстандықтар 20 маусымнан бастап жылдық 2 пайызбен баспана алуға өтініш бере алады. Бұл науқан тек бір айға созылады, – деп хабарлайды “ZhambylNews” АА “Экспресс К” басылымына сілтеме жасап.

Ипотекалық несие алуға үміткерлердің өтініштері 19 шілдеге дейін қабылданады. Еліміздегі ең төменгі пайыздық мөлшерлемемен ипотека алу мүмкіндігі «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы арқылы қарастырылған.

Өтініш берілетін баспана жаңа ғимараттағы тұрғын үй немесе қайталама нарықтағы пәтер, тіпті жеке үй болуы мүмкін.
«Өтініш берушілердің ЖБО-да кезекте тұрғаны маңызды. Өтінішті үш санаттағы азаматтар бере алады: толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ көп балалы отбасылар», — дейді «Отбасы Банкі» АҚ баспасөз қызметі.
Бағдарламаға қатысуға үміткер бастапқы жарнаны яғни тұрғын үй құнының 10%-ын салуы керек. Ипотека мерзімі 18 жылға дейін.

Бүгінгі таңда республика бойынша бағдарламаны жүзеге асыруға 50 млрд теңге бөлінді. Ипотекаға өтінімді банктің сайтында электронды түрде жіберуге болады.
Еске салайық, егер сатып алынатын баспана Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау және Шымкент қалаларында болса, онда несиенің ең жоғары сомасы 15 миллион теңгені құрайды. Басқа қалалардан пәтер немесе үй сатып алу 10 миллион теңгемен шектелген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.