Оқиға «Атырау» мен «Ақтөбе» командалары арасындағы ойын алдында орын алған. Атырау қаласында өтетін ойын басталар алдында жанкүйерлер жаппай төбелесіп кеткен. Екі клубтың жанкүйерлері қақтығысып, түрлі-түсті түтін бомбаларын қолданған. Оқиға орнына келген полиция оларды тез арада ажыратты. 30 адам полиция бөлімшесіне жеткізілді. Барлығының құжаттары тексеріліп жатыр. Төбелеске қатысушылардың арасында балалар да болған. Ойын үшін төбелескендер сол бойы матчты көрмей қалды. «Атырау» өз алаңында «Ақтөбеден» 0:2 есебімен жеңілді.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.