Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады

0 16

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Ақорда.

«Мемлекет басшысы сапарының бағдарламасы тығыз. Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясының Жалпы дебатына қатысады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен, АҚШ-тың ірі қаржы институттарының және трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен, сарапшылар тобының өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр», — делінген Ақорда хабарламасында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.