Президент Республика күнін ұлттық мереке ретінде белгілейтін заңға қол қойды

0 13

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

Еске сала кетейік, таяуда Сенат депутаттары 25 қазанды Республика күні ұлттық мерекесі ретінде белгілеп, Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке қатарынан алып тастауға бағытталған заңды қабылдаған еді.

Бұл норма «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография, мәдениет және мерекелер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қамтылған.

Осы орайда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке және 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке болып белгіленетін өзгерістер енгізу қарастырылған.

Сондай-ақ 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мерекелер тізімінен алып тастау ұсынысына қолдау жасалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.