Пандемия басталғалы бері жұмысы тоқтап тұрған «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы жақында жұмысын қайта бастайды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өздеріңіз білетіндей, «Қорғас» ШЫХО әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жұмысын тоқтатқанына 3 жылдан астам уақыт өтті. Осы үш жыл ішінде Басқарушы компания Орталықтың қызметін жақсарту және барлық бизнес-процестерін жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар атқарды», — делінген Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, аталған орталық 24 сәуірден бастап жұмыс бастайды.
Айта кетейік, «Қорғас» орталығында Қазақстан мен Қытай тараптарының өкілдері саудамен айналысады. Ол жерде көптеген сауда орындары орналасқан. Баға нарықтан бірнеше есе арзан.