Мемлекет басшысы кезекnі Жолдауында Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғырту жөніндегі нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды. Бұл бағытта Жамбыл облысында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазірдің өзінде аймақ 7 шет мемлекетпен 16 инвестициялық жоба бойынша әріптестік байланыс орнатқан.
2025–2029 жылдарға арналған перспективалық инвестициялық жобалар пулы жасақталып, олардың басым бөлігі шетелдік инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылуда. Аталған пулға жалпы құны 3,5 трлн теңгеден асатын 62 жоба енгізілген. Бұл бастама облыстың инвестициялық тартымдылығын арттыруға және халықаралық іскерлік серіктестікті кеңейтуге бағытталған.
Инвестициялық саясатты тиімді жүзеге асыру мақсатында облыста инвестиция тарту жүйесі жаңғыртылып, институционалдық және ұйымдастырушылық өзгерістер қолға алынды.
Солардың бірі – «Zhambyl Invest» ЖШС-нің дербес мекеме ретінде қайта құрылды. Қазіргі таңда аталған ұйым инвесторларға толыққанды қолдау көрсетіп, олардың жобаларын өңірде іске асыруға жағдай жасауда.
«Zhambyl Invest» ЖШС-нің қызметі бірнеше негізгі бағытты қамтиды. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеп, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді үйлестіреді, түрлі салалар бойынша инвестициялық ұсыныстар (тизерлер) әзірлеп, шетелдік және отандық инвесторлармен тұрақты байланыс орнатады.
Аталған құрылымның тиімділігін арттыру мақсатында нақты индикаторлар мен KPI жүйесі енгізілмек. Сонымен қатар, облыста инвестициялық қызметті үйлестірудің бірыңғай Жол картасы әзірленетін болады.
Жол картасы аясындағы негізгі міндеттемелер:
Салалық басқармалар өз салалары бойынша инвестициялық әлеуетті зерделеп, нақты ұсыныстар әзірлейді;
Аудан әкімдіктері басқармалармен тығыз өзара әрекеттесе отырып, перспективалық жобаларды қалыптастырып, жобалардың орындалуына жауапты болады;
Жобалардың іске асырылуын мониторингтеу және есеп беру жүйесі енгізіледі;
Жер, инфрақұрылым, рұқсат беру құжаттары бойынша әкімшілік кедергілерді азайту көзделеді.
Сонымен қатар, облыстық инвестициялық штабтың жұмысы жаңартылып, оның отырыстарында жол картасындағы өзекті мәселелер мен инвесторлардың ұсыныстары тікелей өзіңізге баяндалатын болады. Бұл – шешім қабылдау тиімділігін арттыруға және инвесторлармен кері байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.
Жалпы, жүргізіліп отырған саясаттың басты мақсаты – Жамбыл облысын инвестиция үшін қолайлы өңір ретінде қалыптастыру. Инвесторлардың сенімін арттыру және жобаларды уақтылы әрі сапалы іске асыру арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беру көзделіп отыр.