Жамбылда жалпы қуаты 571,3 МВт құрайтын 22 жаңартылатын энергия көздері жұмыс істеуде
Қазіргі таңда өңірде жалпы қуаты 571,3 МВт құрайтын 22 жаңартылатын энергия көздері жұмыс істейді. Оның ішінде, 6 су электр станциясы, 10 жел электр станциясы болса 6 күн электр станциясы .
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауының екінші бағытында Өңдеу өнеркәсібінің дамуына жаңа серпін беретін уақыт келгенін атап өтті.
Бұл ретте, экономиканы цифрлық тұрғыдан жаңғырту үшін электр энергиясы жеткілікті көлемде болуы, қуат көздерін жаңғырту, шетел инвесторларының қатысуымен ауқымды жобаларды жүзеге асыру, «жасыл» энергия нысандарын іске қосу жоспарланған.
Облыс бойынша жалпы электр энергиясының тұтыну қуаты сағатына 425 МВт құрайды, оның ішінде: тұрғындар — 206 МВт/сағ., басқа да тұтынушылар — 25 МВт/сағ., өнеркәсіп кәсіпорындары — 194 МВт/сағ.
Жылдық электр энергиясын өндіру көлемі 4,8 млрд.кВт/сағ. құрайды, ағымдағы жылдың 8 айында 3,1 млрд.кВт/сағ. электр энергиясы өндірілді, оның ішінде — дәстүрлі энергия көздерінің үлесі — 85,5%. Жаңғыртылған энергия үлесі — 14,5 %-ды құрайды.