Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын: 24 қарашада ауа райы қандай болады

0 1

Қазгидромет 24 қарашада ауа райына байланысты 16 өңірде дауылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамы бойынша, түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында да тұман түседі.

Түнде Ақмола облысының шығысында, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түсу ықтималдылығы жоғары. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 24 қарашада түнде және таңертең көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, түндегі екпіні — 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, қөктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің түндегі екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігіндегі екпіні 23 м/с болады. Петропавлда 24 қарашада түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болып, жаяу бұрқасын жүреді. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түндегі екпіні — 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Алматы облысының орталығында, оңтүстігінде тұман түседі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде облыстың солтүстігінде көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 25 м/с болады. Өскеменде 24 қарашада күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстағы екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Семейде 24 қарашада жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан жел екпіні 15-20 м/с болады.

Павлодар облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде 23 м/с құрайды. Павлодарда 24 қарашада күндіз көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні — 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с қамтиды. Жезқазғанда 24 қарашада кей уақыттарда тұман болады деп болжанады.

Батыс Қазақстан облысында және орталығында да тұман түседі.

Астанада 24 қарашада көктайғақ, тұман болады деп болжанады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, түнде және таңертеңгі екпіні — 15-20 м/с.

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді. Түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Қостанайда 24 қарашада түнде көктайғақ болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болып, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с. Қарағандыда 24 қарашада таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертеңгі екпіні — 15-20 м/с.

Түнде және таңертен Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарындағы екпіні 17-22 м/с болады. Талдықорғанда 24 қарашада түнде және таңертен тұман болады деп болжанады.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында да тұман түседі.

24-25 қарашада Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман болады деп болжанады. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ойыса жел соғады, 25 қарашада күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Таразда 24-25 қарашада кей уақыттарда тұман болады.

Айта кетейік, СҚО-да биыл қараша айында рекордтық температуралық көрсеткіштер жаңартылды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.