26-27 қараша күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетелік 27 қарашада Бішкекте Қырғызстанның төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің келесі сессиясы өтетінін жазған едік.