Елжан Біртанов: Коронавирус табылған Қазақстанның екі азаматы Германиядан келген

0 11

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясын жұқтырған Қазақстанның екі азаматы Германиядан келгенін мәлім етті, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Олар — Германиядан келгендер. Қазіргі күні пациенттердің жағдайы жақсы. Жалпы, эпидемияға қарсы бүкіл қажетті шаралар енгізілуде. Оқшаулау, карантин – қажетті емдеу процедуралары қабылдануда», — деді Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанның екі азаматынан коронавирус инфекциясы табылғанын мәлім еткен еді.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.