Елбасымыздың биылғы халыққа жолдауын тұңғиықты қарап шықтық. Ең басты назар аударылған мәселе — халықтың әл- ауқаты, тұрмыс тіршілігі және өмірлік маңызы.
Үкіметке тапсырма ретінде берілген еңбек ақыны көбейту, халықтың табысын арттыру және адам капиталын инвестициялауға жасалған іс-шаралар бүкіл қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруда өз себтігін тигізері анық.
Біз педагог ретінде осы жолдаудағы Педагогтық статустың көтерілуін ерекше әсермен қабылдадық. Өйткені педагогтың еңбегі болашақ жастарды тәрбиелеуде ерекше маңызды рөл атқарады.
Жолдауда отбасы мен жастар мәселесі, сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту, ауыл шаруашылығы мен экология сияқты өзекті мәселелер қозғалған. Бұл мәселелер қазіргі таңда ең маңызды, актуалды тақырыптардың бірі болып табылады.
Осы жолдауда келтірілген барлық мақсаттар орындалып, біздің еліміз жаңа табыстар мен үлкен белестерге жетеді деген сенімдеміз.
Тараз Инновациялық Гуманитарлық Университеті
«Тарих және құқық» кафедрасының аға оқытушылары
И.Т.Шакирбаева
П.Т.Қасымқұлова