Биікке өрмелеп жылан да шығады, қалықтап қыран да шығады. Алайда сол биікте қалықтап, төменге құлдиламау қырандарға ғана тән қасиет. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жуық арада ғана жарық көрген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы ұшса сұңқардың қанаты, жортса тұлпардың тұяғы талатын тұран даланы мекен еткен қазақ халқының қырағы болмысын, толық тұрпатын аша түскен туынды болды десек қате айтпағандығымыз.
Жаһандану үдерісі артқан дәуірде, ұлттық құндылықтардың құрдымға кету қаупі өршіген тұста дәл осындай дәріптеулер қажет-ақ.
«Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт — бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Бұл – жай ғана әдемі афоризм емес» деген оймен басталатын бұл мақаланың халқымыздың шын мәніндегі қандай қасиетке ие екендігін аңғартып тұр. Нәтижесінде өзгенің қаңсығына таңсық болудан іргесін аулақ салатын, ұлтымыздың құндылықтарын қадірлейтін ұрпақтың көш басынан көрінетініне сенімділік танытуға болады. Яғни ұлт көсемінің дәл осы мақаласын оқыған әрбір қазақ ұлтына деген махаббатты терең сезініп, құндылықтар тізбегінің бағасына жете алатыны сөзсіз. Себебі арбаның алдыңғы дөңгелегі қалай қарай бағыт алса, кейінгісі де сол бағытпен жол тартатыны хақ. Өз ойымды жүрегімнен арқансыз аттай еркін тулап шыққан мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Сәйгүліктей сара жолын баптаған,
Ұлы дала қырларымен мақтанам.
Ұлт мұратын ұлықтаған көсеммен
Құлпыруда, қуануда шат далам.
Елбасымыздың осы мақаласынан кейін басталатын дүрмекте әлемдік аренада ешкімнен кем еместігімізді сезініп, дәлелдеуіміз қажет деген ойдамын. Өйткені Елбасының сындарлы саясаты бізді қашан да кемел келешекке бастамақ.
Ғалия Абылай
ТарМПУ, Филология факультетінің 3-курс студенті