«Шежіреден заман озбас, озса да түбі тозбас» деген халық нақылын кейбір қоғам адамы түсіне алмаған секілді. Адамның басына сәл ғана қиыншылық бітсе, заманды кінәлап шығамыз. Олай емес, өзгеріп отырған адамның өзі…
Адамнан сіздің өміріңізге не жетіспейді деп сұрасаңыз, олар:
байлық, маңсап, атақ деп айтып шығады, тізе берсе бұдан да көп дүние…
Ал менің айтарым, адамға Абай атамыз айтып кеткендей – қанағат, сабыр, рақымшылық жетіспейді. Біз осы қасиеттерге зәру мұқтаж жандармыз. Қанағатшылдық – қарын тойғызады. Бақуатты адамдар – байыған үстінен баии берсек деп ұмтылады, жұлдыздар – шарықтаған үстінен шарықтай берсек деп ұмтылам деп жүріп Алла жаратқан жай ғана қарапайым пенде екенін ұмытып кететіндері бар. Сәл қиындық шыға келсе сабырсыздық танытамыз, сәл байысақ шарықтап қанағатты ұмытамыз…
Адам баласы қай кезде бақытты?
Адам — Алла берген өмірге келгелі бақыт, денсаулығы жақсы, ол – бақыт, ата-анасы бар, ол – бақыт, он екі мүшесі сау, ол – бақыт, жеуге – наны, ішерге – суы болса, ол – бақыт, артынан ерген салиқалы, иманды ұрпағы бар болса, ол – бақыт. Бақыттың өлшемі жоқ, ол – шексіз. Қолдағы бар нәрсені кейде көре алмаймыз, сол өкініштісі…
Мен – ұстазбын! Мен сонымен мақтан етемін. Алла берген өмірмен, ата-ана берген тәрбиемен, қоғамның қолдауымен, жүректегі мейіріммен еліміздің болашақ ұрпағына тәрбие – білім беріп келудемін. Осы орайда өз пәнімді мақтап өткім келеді. Осы пәннің анасы – Сара Алпысқызы Назарбаеваға үлкен алғысымды білдіремін. Әр адамның бойына жетіспей жататын рухани-адамгершілік құндылықтарды сіңдіріп, жоғары қасиеттерін дамытып келеміз. Болашақ жастарымызды «робот» етпей, адами ата-бабамыздан келе жатқан рухани құндылықтарымызды көркейтіп келеміз. Олар: ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау.
Қарап тұрсаңыз, қазіргі заманда адамның бойында осы құндылықтар жетіспей жатады. Баланың бойында осы құндылықтарды дамыту, ең біріншіден – ата-анадан, ұстаздан және қоғамнан болады. Адамның бойында осы құндылықтар табылса, ол – адам – қоғамның нұры. Менің ұстаздық мақсатым да осы қоғамдағы болашақ нұрларын жарқырату, шарықтатуға жетелеу. Ақиқатты үлкен сүйіспеншілікпен бойына сіңірген болашақ, әрқашан дұрыс әрекеттер жасап, ішкі тыныштығын яғни сабырлық сақтап, ешкімге ешқашан қиянат жасамайды.
№47 орта мектептің
«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі
Кентаева Қарлығаш Орынбайқызы