Құрманы қант диабетімен ауыратын, ұйқы безі қабынған (панкреатит ауруы) адамдарға жеуге болмайды. Ондай адамдардың құрманы жаңғақпен қосып жегені абыз. Осылай дейді Ресейлік нутрициолог Анастасия Гаврикова.
Маманның айтуынша, құрманың құрамында қант пен көмірсу өте мол. Оны жеген адамның көпке дейін қарны ашпайды. Бірақ құрманың бұл қасиеті кейбір диагноздың асқынуына себеп болуы мүмкін.
«Қант диабеті бар адамдарға, панкреатитке шалдыққан, ұйқы безі қабынған, іші қатқан жандарға құрма жеуге болмайды. Тіпті, сау адамның өзіне күніне 300 грамм құрмадан артық тұтынбағаны жөн», — дейді маман.
300 грамм дегеніміз — 2-5 дана құрма.
Тағамтанушының айтуынша, құрманы жаңғақ, басқа да майлы өсімдіктермен қосып жеген пайдалырақ. Құрма маусымы басталғанда аздап жеп, кейін норманы көбейтуге болады.
Құрманың құрамында адамға пайдалы В тобының дәрумендері, С және Е витамині, калий, фосфор, магний, кальций және марганец, флавоноид, полифенол мен тағамдық талшықтар бар.
#ҚҰРМ
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz