Пеш жаққанда сақтық шараларын ұстануды ұмытпау керек

0 0

Күз келіп күн де суыта бастады. Қақаған қыстың ызғары сезіледі. Үйін пешпен жылытатын тұрғындар үшін дайындық басталып та кетті: қысқа көмір алу, пешін дайындау мен үйді жылытудың жайын жоспарлау.

Пеш орнатқанда немесе жаққанда сақтық шараларын сақтау өте маңызды. Төтенше жағдай мекемесінің ресми деректері бойынша барлық өрттің 12%-ы пеш орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан орын алады екен. 2021 жылы олардың саны мыңға жуық болған.

Күзгі суықтың басталуымен тұрғындарды пеш жабдықтарын жылыту маусымына алдын ала дайындауға шақырамыз. ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиев жеке сектор тұрғындарына келесі ережелерді естен шығармауды ескертеді.

1. Жылыту пештері мен жүйелерінің түтін мұржаларын, түтіндіктерін және басқа да элементтерін жылыту маусымы басталар алдында, содан кейін 2-3 айда бір рет күйеден тазарту қажет;

2. Жылыту пештерін пайдалану кезінде жанып жатқан пештерді қараусыз қалдырмаңыз;

3. Пештің жанғанын бақылауды балаларға тапсырмаңыз;

4. Пеш жағу үшін қатты отынмен тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды пайдаланбаңыз;

5. Желдету және газ арналарын түтін мұржасы ретінде қолданбаңыз.

Осындай қарапайым ережелерді сақтай отырып, өзіңізді және жақындарыңызды өрттен сақтайсыз. Ал ең бастысы, ақауы, жарықтары мен саңылаулары бар пештерді жағуға болмайды.

Ақпарат дереккөзі:  massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.