Жарылған жұмыртқаны пісірудің 3 әдісі

0 26

Жарығы бар жұмыртқаны, әдетте, омлетке немесе қамыр дайындауға қолданып тастаймыз. Бірақ кейде суға піскен жұмыртқа керек, бірақ тоңазытқышта тек жарығы бар жұмыртқа қалған кездер орын алады. Жарығы бар жұмыртқаны пісірген кезде ақуызы суға ағып кетпес үшін мына әдістерді қолданыңыз.

1-әдіс. Бұл әдіс жарығы кішкентай жұмыртқаларға арналған. Суға бір қасық тұз салып, оның қайнағанын күту керек. Содан соң ғана жұмыртқаны кәстрөлге абайлап салып, ары қарай қайнатасыз. Тұзды су ақуыздың жылдам қоюланып, ағып кетпеуіне көмектеседі.

2-әдіс. Екінші әдіске буқазан (пароварка) керек. Жұмыртқаны жарығын төмен қаратып буқазанға саласыз. Содан соң оны буда тек бірнеше минут ұстап, ақуыз қоюланғанда оны ары қарай кәдімгідей суға пісіріп алуға болады. Сондай-ақ жұмыртқаны буқазанда 10-15 минут ұстап, толықтай пісіріп алсаңыз да болады.

3-әдіс. Бұл әдісті жұмыртқаның жарығы үлкендеу болған кезде қолданады. Ол үшін аспаздық пакет (қабықша) керек. Жұмыртқаны аспаздық пакетте орап, суға саламыз. Ол қайнау үшін отқа қоямыз. Жұмыртқа 10-15 минут қайнаған соң оны салқын суға салып, пакетін алып, жұмыртқаны қабығынан тазартасыз.

Ақпарат дереккөзі:  massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.